Қызметінің негізгі бағыттары

ШҚО ББ «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ қызметінің негізгі бағыттары

Мектеп-интернаттың қызметі ерекше білім беруді қажет ететін, зерде бұзылыстары бар білім алушыларға сапалы арнайы білім беру, түзете-дамыта оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтік бейімдеу жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.

Білім алушыларды қабылдау және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру

Зерде бұзылыстары бар білім алушыларды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) қорытындысы, қажетті құжаттар және ата-ананың (заңды өкілдердің) келісімі негізінде жүзеге асырылады. Бос орын болған жағдайда балалар оқу жылы ішінде де қабылданады.

Оқу-тәрбие процесі арнайы білім беру ұйымдарына арналған типтік оқу жоспарлары мен арнайы оқу бағдарламалары негізінде ұйымдастырылады. Сабақ кестесі мен күн тәртібі оқу үдерісін реттейді.

Үйде оқыту

ПМПК ұсынысы бойынша білім алушыларға үйде оқыту ұйымдастырылады. Оқыту баланың жеке психофизикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, арнайы типтік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады.

Оқыту тілі

Оқыту және тәрбиелеу мемлекеттік (қазақ) және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту мен дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Тәрбие жұмысы

Тәрбие бағдарламалары оқу-тәрбие үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және оқушылардың патриоттық, азаматтық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, интернационалдық мәдениетті дамытуға, сондай-ақ жан-жақты қабілеттерін жетілдіруге бағытталған.

Мектептің жұмыс тәртібі

Мектеп-интернат тәулік бойы жұмыс істейді және 5 күндік оқу аптасы режимінде қызмет атқарады.

Сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Сабақтар сағат 8:30-да басталады.

Оқу жылының басталуы мен аяқталуы, каникул мерзімдері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен нормативтерге сәйкес белгіленеді. Каникул кезеңінде оқушылардың мектеп-интернатта болуы қарастырылмайды.

Оқытуды ұйымдастыру және жеке тәсіл

Жеңіл ақыл-ой бұзылыстары бар сыныптарда оқушыларды орташа деңгейдегі бұзылыстары бар балалармен бірге оқытуға мүмкіндік беріледі. Оқыту жеке оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.

Білім беру процесіне қатысушылардың құқықтары

Білім беру процесіне қатысушылардың (әкімшілік, педагогтер, білім алушылар және ата-аналар) құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасымен реттеледі.

Түзете-дамыту жұмысы

Мектепте оқушылардың психофизикалық дамуын түзетуге бағытталған топтық және жеке түзету-дамыту сабақтары өткізіледі.

Медициналық қызмет көрсету

Медициналық қызмет штаттық медициналық қызметкерлермен жүзеге асырылады. Олар оқушылардың денсаулығын бақылау, профилактикалық шаралар жүргізу, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, тамақтану мен дене тәрбиесін ұйымдастыру жұмыстарын атқарады.

Қорытынды аттестаттау және бітіру

Мектеп бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат беріледі.

Тәрбие және мәдени даму

Тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, патриотизмге, ұлттық дәстүрлерге және әлемдік мәдени құндылықтарға баулуға бағытталған.

Әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдау

Білім алушыларға кешенді түзете-дамыту, психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау көрсетіліп, олардың қоғамға бейімделуі мен әлеуметтенуіне жағдай жасалады.