Мектеп әкімшілігі

Директор

КАРТЕНОВА АЙГҮЛ МАҚСҰТХАНҚЫЗЫ

ШҚО білім басқармасының «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ директоры

 

Картенова Айгүл Мақсұтханқызы — арнайы білім беру саласында мол тәжірибесі бар білікті басшы, жоғары санатты педагог, өз кәсібіне адал маман. Ол 32 жылдан астам уақытын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді.

1975 жылғы 12 наурызда дүниеге келген.

Білімі

  1. 1997 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдады.
  2. 2009 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Дефектология» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.
  3. 2025 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Арнайы педагогика» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады.

Кәсіби жетістіктері

Айгүл Мақсұтханқызы:

  • «Бірінші санатты басшы»,
  • «Педагог-зерттеуші» біліктілік санаттарының иегері.

Арнайы мектеп пәндері бойынша авторлық бағдарламалардың әзірлеушісі ретінде білім беру үдерісіне заманауи педагогикалық технологиялар мен инновациялық тәсілдерді тиімді енгізіп келеді.

2026 жылы жас директорлардың облыстық
«Мектептің өсу стратегиясы: идеядан нәтижеге дейін» хакатонында II орын иеленіп, өзінің жоғары кәсіби шеберлігін, стратегиялық ойлау қабілетін және басқарушылық құзыреттілігін көрсетті.

Айгүл Мақсұтханқызының жетекшілігімен «№8 арнайы мектеп-интернаты» ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға сапалы білім мен тәрбие беріп, олардың жан-жақты дамуы мен қоғамға бейімделуіне қолайлы жағдай жасап келеді.