Іс-шаралар

Көпжылдық қолдаудың нәтижесінде «Казцинк» компаниясы тұрақты түрде мектебіміздің демеушісі бола отырып, оқу ордамызда заманауи жабдықталған еңбекке баулу кабинеттерін – тігін шеберханалары мен слесарлық кабинетті ашуға мүмкіндік жасады!

25 қыркүйек күні «Казцинк» компаниясының әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры А.П. Лазаревтің  жетекшілігімен келген өкілдер салтанатты түрде қызыл таспаны қиып, бізідің мектеп оқушылары үшін жаңа мүмкіндіктердің есігін ашты. Оқушылар «Өз қолымызбен жасалған» тақырыптағы шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырып, қонақтарға арнайы дайындалған мерекелік сыйлықтар табыстады.

Шараға Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысының орынбасары Жангазы Жумагазынович Алипбаев іс-шараға қатысып, осындай бастамалардың білім беру саласының дамуына қосар үлесін атап өтті.

«Казцинк» компаниясына білім беру саласының дамуына қосқан үлесі мен  қолдаулары үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Сіздердің еңбектеріңіз жемісті болып, жасаған әрбір игі істеріңіз елге танымалдық пен береке әкелсін!