
Білім беру ұйымының атауы:
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «№8 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Заңды мекенжайы:
070008, Өскемен қаласы, Прибрежная көшесі 81/1
БСН 991040002914
Заңды тұлғаның байланыс деректері:
Тел.: 8 (7232) 625023 – қабылдау бөлмесі,
8 (7232) 625250 – бухгалтерия.
Алғашқы мемлекеттік тіркеу күні: 1999 жылғы 13 қазан.
Құрылтайшысы: «ШҚО әкімі аппараты» ММ.
Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру.
Тіркеуші орган: Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті.
Ұйымдық-құқықтық нысаны: коммуналдық мемлекеттік мекеме.
ШҚО білім басқармасының «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің білім беру қызметі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің нұсқаулары мен бұйрықтарына, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (МЖМБС) сәйкес жүзеге асырылады.
Мектептің қаржылық-экономикалық қызметі бойынша бухгалтериясы, есеп айырысу шоты және мөрі бар.
ШҚО білім басқармасының «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің мектепішілік тәртіп ережелері «Білім туралы» Заңға, Жарғыға, ішкі тәртіп және еңбек тәртібі қағидаларына, сондай-ақ азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық актілерге негізделеді.
ШҚО ББ «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы білім беру коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «№8 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің негізгі қызмет пәні – интеллектісі бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу саласындағы оқу-тәрбие қызметі.
Мектеп-интернатта психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК), дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) қорытындысы және ата-аналардың өтініші негізінде жеңіл және орташа деңгейдегі интеллект бұзылыстары бар балалар білім алады. Үйде жеке оқытуға балалар ПМПК мен ДКК қорытындылары негізінде қабылданады.
ШҚО ББ «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ миссиясы – әр баланың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес лайықты өмірлік болашағын қалыптастыру, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың толыққанды және үйлесімді дамуына, табысты әлеуметтенуіне қолайлы жағдай жасау.
ШҚО ББ «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің басты мақсаты – тәрбиелік-білім беру ортасын қалыптастыру, ол:
- Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар оқушылардың танымдық белсенділігін, шығармашылық және жеке қабілеттерін, бастамашылдығын түзетуге және дамытуға;
- Интеллектісі бұзылған оқушылардың оң азаматтық ұстанымын, руханилығын, мәдениетін, дербестігін және қоғамда табысты әлеуметтену қабілетін қалыптастыруға;
- Салауатты өмір салтын насихаттауға;
- Білім алушылардың табысты бейімделуі мен дамуына қажетті жағдайлар жасауға, олардың әлеуметтік-педагогикалық оңалтуы, әлеуметтік-еңбекке бейімделуі және тұлғалық өзін-өзі дамыту қызметін ұйымдастыруға бағытталған, бұл интеллектісі бұзылған баланың қоғамға табысты әлеуметтенуі мен кірігуінің маңызды шарты болып табылады.
Мектеп-интернаттың негізгі міндеттері:
- Интеллектісі бұзылған оқушылардың жалпы білім деңгейін және бастапқы кәсіби даярлығын қамтамасыз ететін білім алуға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- Болашақ мамандықты мүмкіндіктері мен қабілеттеріне қарай таңдауға бағытталған бастапқы кәсіби-еңбекке оқытуды ұйымдастыру, жұмысшы мамандығына, оның ішінде біліктілікті қажет етпейтін еңбекке ынтаны қалыптастыру;
- Жоғалған функцияларды қалпына келтіруге бағытталған арнайы міндеттерді орындау;
- Бастапқы және қайталама бұзылыстарды түзету;
Балаларды оңалтуға, әлеуметтік-еңбекке бейімдеуге және қоғамға кіріктіруге ықпал ететін компенсаторлық дағдыларды қалыптастыру.

