Біздің жетістіктеріміз

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың кешенді тәсілі: тәжірибесі, қиындықтары және келешегі

2026 жылдың 22 сәуірінде Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың кешенді тәсілі: тәжірибесі, қиындықтары және келешегі» атты ұлттық семинардың бірінші күнінің ашылуы өтті.

Семинарға мектебіміздің ұстаздары белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

🏆 2025 жылдың «Арнайы мектептің үздік педагогі (мұғалімі)»

Жұмажанова Арай Амангельдиновна – «№8 арнайы мектеп-интернат» КММ қазақ тілі пәні мұғалімі,

«Қазақ тілі сабағында көрнекі оқытудың жүйесі: дәстүр мен заманауи әдіс сабақтастығы» тақырыбында практикалық жұмыс өткізді.

Сонымен қатар:

Сейтов Тұрысбек Төлеубекович,

Ахмадиев Қадылбек Сапарбекович,

Искаков Фархат Нурбекович,

Әуелбекова Маржан Борахановна - еңбек пәні мұғалімдері шәкірттерімен бірге республикалық семинар аясындағы жәрмеңкеге қатысып, қолөнер бұйымдарын ұсынып, өз шеберліктерімен бөлісті.

Ұстаздарымыздың еңбегі – шәкірт жетістігінің негізі!

👏 Ұстаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз! Ерекше шәкірттерді тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүргендеріңіз үшін шынайы алғыс білдіреміз. Еңбектеріңіздің жемісін көріп, толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз!