2026 жылғы 18 ақпанда Өскемен қаласындағы «№8 арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында «Арнайы білім беру ұйымдары жағдайында ЕББҚ бар балаларға қолайлы орта қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарға арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері, мамандары, тәрбиешілері мен кәсіби қауымдастық өкілдері қатысты. Іс-шара тәжірибе алмасуға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Семинар барысында мектеп педагогтері заманауи білім беру тәсілдерін, түзете-дамыту жұмыстарының тиімді әдістерін, білім алушыларға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру тәжірибелерін ұсынды.
Секциялық жұмыстар келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:
- бастауыш сыныптарда қолайлы білім беру ортасын құру;
- ЕББҚ бар балаларды мамандардың сүйемелдеуі;
- пәндік оқыту арқылы танымдық белсенділікті дамыту;
- тәрбиелік орта және білім алушыларды әлеуметтендіру мәселелері.
Қонақтар ашық сабақтармен, практикалық жұмыстармен, педагогтердің әдістемелік материалдар көрмесімен және білім алушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысты.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушылар өзара пікір алмасып, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар қорытындысында қатысушылар ұйымдастыру деңгейінің жоғары болғанын, ұсынылған тәжірибенің практикалық маңыздылығын және мектеп педагогтерінің кәсіби шеберлігін ерекше атап өтті.
«Әр бала білім ала алады — ең бастысы, оған дұрыс жол табу».

